Танымал блогер отбасы Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова үйлену тойын жасады, деп жазады alash.kz.
Желі жұлдыздарының тойы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
“Студент кезімізде өзіміз тапқан ақшамыз болмады. Бірақ армандарымыз асқақ еді. Сол кезде қаржылық жағдайымыз түзелген соң той жасаймыз деп уәде берген едік. Алайда уақыт өтіп жатты, мүмкіндік болмады. Біз жай ғана некеге тұрдық. Үйлену туралы әсерлі ұсыныс ақыры бұйырмады.
Міне, қол ұстасып жүргенімізге 12 жыл, отбасы болғанымызға 10 жылдан кейін біз той жасаймыз деп шештік. Жақында – үйлену тойы. Оның бәрін Ербол ұйымдастырып жатыр", – деп жазды Эльмира Төлегенова.
Той Алматыдағы қымбат қонақ үйдің бірінде өткен. Олардың тойларына тек танымал блогерлер ғана қатысқан. Бұл тойды күйеу жігіттің өзі ұйымдастырған көрінеді. 12 жыл бұрын блогерлер бас қосқанда үйлену тойын өткізуге ақшалары болмаған екен. Бүгінде жұлдызды блогерлер үш ұл тәрбиелеп отыр.
Үйлену тойындағы тосынсый – ресейлік әнші МОТ. Қазақстандағы жұлдыздар Қайрат Нұртас, Ninety one тобы, Қазыбек Құрайыш және Әміре, Тұрар өнер көрсетті.
Алайда желі қолданушылары үйлену тойындағы ысырап пен дарақылықты талдап жатыр.
“30 миллионға торт алғша коттедж алмаймын ба?!”, “11 қабаттан тұратын торт жасау – ысырапшылдық”, “Бұл дүниеде Ерболаттың ақшасы есептелмейді, санына жету мүмкін емес”, “Одан да жетім балаларды тойдырту керек”, – деп жазды көпшілік.