Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Ресей АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша талаптарын берді" деген ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп жазады Alash.KZ.
Ол "бейбіт келіссөздер басталмағанын ұмытпайық" деді.
Песков брифинкте АҚШ өкілдері Ресейге ұшып келе жатыр деп мәлімдеді.
Оның сөзінше, бүгін, 13 наурыз кешкісін Путинде "халықаралық қоңырау" болады. Путин нақты кіммен сөйлесетінін айтпаған. Бұған дейін АҚШ президенті Трамп "бірер күнде" Путинмен сөйлесіп, соғысты 30 күнге тоқтатуды талқылайтынын жеткізген болатын.
Песковтың айтуынша, Трамптың ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Майк Уольтц пен Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков кеше, 12 наурызда телефон арқылы сөйлескен.
Бұған қоса, Кремль өкілі Ресей әскері жақын күндері Курск облысын толық азат етеді деді. Ал Ресей қорғаныс министрлігі Курск облысындағы Суджа қаласын Украинадан қайтардық деп мәлімдеді. Ал Украина қарулы күштері бұл ақпаратты жоққа шығарды.