Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдіктер асырап қалған Жәнібекке (Jani Saveliev) қатысты тың мәлімет пайда болды, деп жазады Alash.kz.
Жәнібек желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, биологиялық анасы жаңа дерек айтты.
«Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын, өйткені бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр. Бірақ іздеуімізді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты.
Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін», – деп жазды Жәнібек.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек биологиялық анасын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтқан болатын.
"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.