Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды

17 жастағы шахматшы халықаралық гроссмейстер атанды

Шығыс Қазақстан облысының 17 жастағы шахматшысы Алдияр Ансат халықаралық гроссмейстер атағын алды, - деп жазады Alash.KZ порталы Massaget.kz дерегіне сүйеніп.

Ол үшін Алдияр Ансат Aktobe Open халықаралық турнирінде рейтингін 2500 ұпайдан асырып, барлық нормативті толық орындады.

"Алдияр Ансат – Қазақстанның талантты жас шахматшыларының бірі. Ол алты жасында елдегі ең жас спорт шеберлігіне кандидат атанса, 11 жасында – ең жас FIDE шебері, 13 жасында – халықаралық шебер, ал 15 жасында Қазақстан Республикасының ең жас еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар