Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бекет Ата мешітіне зиярат жасағандар: жоғалғандар туралы тың дерек шықты

17:36, 05 шілде 2026
 

Маңғыстау облысында жерасты Бекет Ата мешітіне барғаннан кейін жоғалып кеткен үш азамат табылды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Polisia.kz портална сілтеп.

Жоғалғандар мінген автокөлік Қыдырша ата жерінен шамамен 35 шақырым жердегі баруы қиын жерден табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік батпақты жерге тұрып қалған, соның салдарынан адамдар жолды өздігінен жалғастыра алмай, байланысқа шыға алмаған.

Олар 34 жастағы Қанатбек Жұбатқанов, 31 жастағы Ақмарал Бисенова және 20 жастағы Мархабат Бисенова.

Олар соңғы рет 2 шілдеде күндіз байланысқа шығып, қасиетті жерден видео жіберген, содан кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарында тікұшақтар, арнайы техника және қажетті жабдықтар қолданылуда. Іздеу бір уақытта бірнеше бағыт бойынша барынша көп күш пен құралдарды тарта отырып жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады аймақтың полиция департаменті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар