Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзінің Telegram арнасында қазақ тілін үйреніп жүргенін көрсетті, деп жазады Alash.KZ
Ол сабақ барысында түсірілген үзіндіні жариялап, оқырмандарынан өзін қатты сынамауды сұрады.
«Қатты сынамаңыздар. Дамуымды көру үшін осында бөлісіп отыруды жөн көрдім», – деп жазды спортшы.
Желі қолданушылары Бибісараның бастамасын қолдап, оған қазақ тілін меңгеру жолында сәттілік тіледі.