Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі өнер қайраткері өмірден өтті

20:26, 06 шілде 2026

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының әншісі, белгілі өнер қайраткері Марат Мәметбакиев өмірден өтті, деп жазады Alash.kz. Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізіп, марқұмның жақындарына көңіл айтты. 

“Марат Мәметбакиев саналы ғұмырын ұлттық өнерді өркендетуге арнап, қазақ және ұйғыр музыкалық мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосты. 

Қ.Қожамияров атындағы театрда ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, сахнада өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Сонымен қатар елге кеңінен танылған «Яшлык» вокалды-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі ретінде ұлттық эстраданың дамуына да елеулі еңбек сіңірді.

Өнерге адалдығы, сахнадағы биік шеберлігі мен ұлт мәдениетін дамыту жолындағы еңбегі көпшіліктің зор құрметіне ие болды.

Марат Мәметбакиевтің жарқын бейнесі мен халқына қалдырған мол рухани мұрасы ел жадында мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннаттан жай тауып, иманы саламат, жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын”,- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар