Иран билігі елдің рухани көшбасшысы Әли Хаменеиді жерлеу рәсіміне сегіз мемлекеттің басшысы мен 12 елдің парламент спикері қатысатынын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ
Иран Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, рәсімге Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Ирак президенті Абдуллатиф Жамал Рашид, Грузия президенті Михаил Кавелашвили, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф келеді.
Ал қазақстандық БАҚ Иранның Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап, Қазақстан атынан жерлеу рәсіміне сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысатынын хабарлады.
Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі 4 шілдеде Тегеранда басталады. Оның денесі 9 шілдеде туған қаласы Мешхедте жерленеді.
Хаменеидің жерлеу рәсіміне Қазақстаннан кім қатысады?
15:23, 05 шілде 2026
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан әскерінде реформа басталды: Енді мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді
21:31, 24 қазан 2026
"9,5 мыңнан астам адам жұқтырғаны хабарланды". Тағы бір індет әлемде тарап жатыр
14:33, 24 қазан 2026
"Бес адамның маймыл шешегін жұқтырған". Тағы бір індет тарап жатыр деген хабар шықты
09:21, 24 қазан 2026