Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сүйінші! Жансая Әбдімәлік ел естімеген қуанышты жаңалығын жария етті

12:27, 09 тамыз 2025 377

Қазақстандық танымал шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік Instagram парақшасында ел күтпеген жаңалықты жария етті, деп хабарлайды Alash.kz.

1bol.kz порталының хабарлауынша, Шахматшы жүкті кезінде түскен суреттерін жариялап, жаңалығын бөлісті.

«Сен менің жүрегімде болған кезде, мен сені әлі кездестірмесем де, өзіңді сүйіп кеткенімді байқамай қалдым», – деп жазды Жансая Әбдімәлік.

Естеріңізде болса, жұп 2023 жылы сәуір айында шаңырақ көтерді. Шахматшының таңдауы «Қазақмыс» басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриевке түскен.

Жансая карьерасында үзіліс алатынын мәлімдеген. Дегенмен спорттан біржола кетпегінін де еске салды. Ол уақытының басым бөлігін отбасына және өзіне арнағысы келетінін айтқан.

Жансая Әбдімәлік – әйелдер Гран-приінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық. Ол бұл атаққа 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар