Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ұят тірлік! Неге өз өмірімен алыспайды?”: Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға үн қатты

09:03, 15 қыркүйек 2025 339

Әнші, актриса Айгүл Иманбаева өзін сынағандарға ренішін білдіріп, желіде жазба жариялады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Кеш жарық, инста достар! Өнердегі жандардың қай-қайсысының болмасын өмірін талқылап жататын (кәсіби журналистер емес)подписчиктер үшін арын сататын “журналистсымақтар” мен “блогерсымақтар” елімізде жеткілікті.

Әр адам біреудің ішкен-жегені, сүрген өмірі, қайда барды, кіммен тұрды, не істеп жатыр деп, біреудің өмірі туралы бас қатырғанша, неге өз өмірімен алыспайды екен?!

Әңгіме қылып отырған адамның алдымен жүріп өткен жолы, салып келе жатқан ізі қандай екенін, немен айналысып жүргенін, нәтижесін есепке алмастан жерден алып, жерге салып жатқандары өте өкінішті және ұят тірлік!

Мен дамығанды, оқығанды жақсы көремін! Өнер — ол менің бойтұмарым. Бәрін қатар алып келе жатқан жанмын.

Мен Сіздерді Астана қаласындағы “ @a.i_academy ” академиясындағы талантты жас шәкірттеріммен таныстырғым келеді. Алды университеттерге түсіп кетті. Шәкірттеріммен сағынып көріскен сәттен бір естелік болсын», — деп жазды Айгүл Иманбаева.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар