Украина президенті Владимир Зеленский НАТО Ресейдің дрон шабуылына жауап беру мүмкіндігі бар екенін, бірақ ол Альянсты соғысқа тартпайтынын айтты, - деп хабарлайды Alash.KZ порталы Massaget.kz порталына сілтеп.
"Еуропалық правдаға" агенттігінің жазуынша, Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің дрон шабуылын НАТО-ны соғысқа тартпай-ақ тоқтатуға болатынын айтты. Оның сөзінше, Ресей бұл қадамымен Батыс пен НАТО-ның "қызыл сызықтарын" сынап отыр.
Зеленскийдің айтуынша, Альянс үшін соғысқа араласпай-ақ Украинаға жаңа қару беру – ең тиімді жауаптың бірі. Ол қару дрондарды емес, оларды шығаратын зауыттарды жоя алатынын жеткізді.
Сонымен қатар, ол Батыс елдерінің Ресейге қару жасауға қажет бөлшектердің экспортын шектеу шараларын жеткіліксіз деп сынға алды.
10 қыркүйекке қараған түні Ресейдің шамамен 20 дроны Польша шекарасынан өтіп кеткен. Польша әскери ұшақтары әуеге көтеріліп, бірнеше дрон атып түсірілді. Бұл – Ресей дрондары НАТО аумағында жойылған алғашқы жағдай.
Осыдан кейін НАТО шығыс Еуропадағы әскерін күшейтіп, "Шығыс сақшысы" миссиясын бастайтынын хабарлады.