Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ерке Есмаханның іші тар, басқа әншілерді қатты қызғанады". Стилист елді елең еткізер мәсілмеде жасады

19:56, 08 ақпан 2025 843

Қазақ әншілерімен бірге жұмыс істеген танымал стилист Шолпан Кәрім елді елең еткізер сөз айтты. Маман Ерке Есмаханның басқа жұлдыздарды көре алмайтынын, іші тар екенін жеткізді, деп хабарлайды Alash.KZ порталы Azattyq Rýhy порталына сілтеп. 

«Ерке Есмахан басқа жұлдыздарды көре алмайды. Менің өмірімде болған факт. Астанаға ұшып бардым, қолымда менеджерім бар. Кәмшат Жолдыбаеваның алтын түсті костюмін алып бардым. Наурызда «Қыз сыны» деген Баян Есентаеваның жобасы болған. Сол кезде Кәмшат Жолдыбаеваның ерекше киіммен киіндіріп, даярлап жатқан кезінде, есімде чемоданды жайлап ашып, Ерке Есмахан көз қырымен қарап отырған. Мен сол жобаны Кәмшат Жолдыбаевамен бірге жүзеге асырған кезде, дизайнеріңіз кім деп сұраған. Ерке Есмаханның көз қырымен асықпай қарап тұрғаны есімде қалып кетті. Сонда есімдегісі «мынау деген қатты қызығып жатыр ғой» дедім ішімнен. Себебі ол сахнаға ерекше киімдермен шықты», — деп ағынан жарылды стилист.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар