Белгілі продюсер Баян Алагөзова сәлем салуды табынушылыққа теңеді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Бізге ешқашан ер адамға иілу керек деп айтқан жоқ. Мен мұндайды ешқашан көрмедім. Бұл мен үшін жабайылық болып көрінді. Алматыға келгенде шымкенттік қыздардың үлкендерге иіліп тұрғанын көріп, таңғалдым. «Не үшін иіліп жатырсың?» деп сұрадым. Олар «Қалай не үшін? Бұл – құрмет» деді. Бірақ мен өз әкемді де, атамды да ерекше құрметтедім. Үлкен кісілерді, ер адамдарды өте құрметтеймін. Бірақ менде ондай табынушылық жоқ. Маған мұны ешкім үйретпеді, үйретпейтін де шығар. Бұл - таңдау. Менің әжем мені еркін өсірді, маған: «Біз атқа мінген халықпыз», – деп айтатын. Біз әрдайым еркін болдық. Мен осы тәрбиемен өстім. Барлық батыр әйелдер Ақтөбе мен Оралдан шыққан. Жамбыл мен Шымкенттен бірде-бір батыр жоқ», – деді продюсер.