Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Алматыда жалғызбасты қарияларды өлтіріп, пәтерін иемденгендер сотталды

19:25, 11 наурыз 2025 783

11 наурыз күні Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "қара риэлторлар" тобының мүшелеріне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Alash.kz сайты Stan.kz сілтеме жасап. 

Бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топ өздерінің "қолдан жасалған" нотариустарын пайдалана отырып, дүние-мүлкін әлдекімдердің атына тіркегенін жаздық.

Осылайша олардың ізін жасырып, қылмыстық әрекеттерін заңдастырған.

Бұл оларға құқық қорғау органдарының күдігін тудырмай, жылжымайтын мүлікті бақылауға алып, билік етуге мүмкіндік беріп отырған.

Ал қылмыстық топты 65 жастағы алматылық Ирина Гапарова мен 56 жастағы Өзбекстан азаматы Әшірәлі Болтабоев басқарған. 

Қылмыстық топ 37 эпизод бойынша пәтерлерді заңсыз иемденген. Қылмыскерлер жалғызбасты қарт адамдар қайтыс болғаннан кейін мұрагерлері жоқ пәтерлерді тауып, құжаттарды қолдан жасау арқылы басып алған. Сонымен қатар Алматыдағы психикалық денсаулық орталығының пациенттері де қылмыстық схеманың құрбаны болған.

Сотта 13 эпизодтың адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, кісі өлтіру және бір сексуалдық зорлық фактісін қамтитыны айтылды.

Сот үкімі:

Ирина Гаппарова – 18 жыл бас бостандығынан айыру

Әшірәлі Болтабоев – 17 жыл

Әуелхан Сатаев – 16 жыл

Жанат Сартпаев (нотариус) – 7 жыл

Гүлнара Миятова (нотариус) – 6 жыл

Рашиддин Семятов – 7 жыл

Татьяна Грушина – 11 жыл

Рахим Ли-Ли-Зо – 12 жыл

Зубайра Амирова (нотариус) – 6 жыл

Виталий Колесников (сот-медициналық сарапшы) – 4 жыл

Асыл Асанбаева – 7 жыл

Екатерина Овчарова – 11 жыл

Қанат Сибанбаев – 5 жыл 6 ай

Хосров Гасанов – 11 жыл

Николай Керов – 6 жыл

Айжан Жүсіпғалиева (психиатр-дәрігер) – 6 жыл

Тахир Ұразаев – 16 жыл

Майра Ұразаева (психиатр-дәрігер) – 10 жыл 6 ай

Жанат Джексембиев – 5 жыл

Газиза Ешмұратова (психиатр-дәрігер) – 3 жыл

Манап Тыныбаев (полицей) – 6 жыл

Денис Артюшенко – 5 жыл

Қылмыстық топ психикалық денсаулық орталығының науқастарды ұрлап, оларды саяжайда ұстап, психотроптық препараттар беріп отырған. Оларға медициналық мекеме дәрігерлері көмектескен. Сонымен қатар сотталушылар қарт адамдар қайтыс болғаннан кейін мұрагерсіз қалған пәтерлерді тауып, нотариустар арқылы жалған өсиеттер жасап, оларды жалған тұлғалардың атына рәсімдеген. Алаяқтық схемада пайдалалған жалған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар