Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басты міндет – еліміздің тыныштығын сақтау

08:49, 03 қазан 2022 187
Қазір әлемде фашизим көбейіп келеді. Олар капитализмның соңғы даму сатысына келіп, даму динамикасы тартылып қалды. Сондықтан көптеген елдерде осындай жағдайлар ұйымдастырылып жатыр. Бұл – шындық. Соның бір құрығына ілінген – Украина. Бұл жағынан қазір халықымыздың ойы екіге бөлініп отыр. Бір жағы – Ресейді, бір жағы – Украинаның қолдайды. Ол екі жақты да түсінуге болады. Бірақ біз асығыстық жасамауымыз керек. Ойларымыз салиқалы, салмақты болып, еліміздің тыныштығын сақтау – басты міндет.

Екіншіден, бүгінгі елдегі өзгерістің бәрі Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай болып жатыр. Осы жағынан алғанда, асығыстық жасаған секілдіміз. Өйткені әзірге басқа фракциялар әлі дайын емес. Сондықтан кішкене күте тұрғаны абзал еді. Бірақ қазір шешім қабылданды, енді соның соңын күтеміз. Биылғы сайлаудың ерекшелігі – президенттік мандаттың бір ғана мерзімге отыруы. Бұл – жақсы жаңалық. Өйткені 30 жыл бір адамның басқаруымен өткен күнді жақсы білеміз. Биліктің монополиялануынан халықтың жағдайы төмендеп, экономикалық ахуалы өспеді, басқа да саяси-әлеуметтік қиыншылықтарды бастан өткеруде. Сондықтан бір адамға түбегейлі тәуелді болмауымыз керек. Аға буынның өкілі ретінде осы қадамды қолдаймын.

Ғалым Байназаров, 

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор:

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар