Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов

20:23, 13 наурыз 2025 1060

Саясаткер, бұрынғы депутат Серік Әбдірахманов Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында марқұм Алтынбек Сәрсенбаев туралы тосын мәлімдеме жасады, деп жазады alash.kz.

"Алтынбек туралы айтайын. Алтынбек "Жас Алаш" газетін қанша теңгеге өзіне аударып алды? Білесіз бе? Айтайын. 200 мың теңгеге" дейді қоғам қайраткері.

"Неге өзіне аударып алды деп ойлайсыз?" деген журналист сұрағына саясаткер бүй дейді:

"Енді ол да Әкежан Қажыгелдин сияқты өз алдына тірлік жасағысы келгені ғой. Ол талай нәрсені өзіне жасап алды. Сонан соң Алтынбекті мен қатты сынайтыным, ұры жүйенің идеологы болған адам. Осы ұры жүйені қалыптастырды. Содан кейін Заманбек.

Ол өлер алдында жазған бір жазуы бар ғой, сонда халықтан кешірім сұраған. Міне сол үшін. Соның ішінде Алтынбек белшесінен батып отыр.

Бір сұхбатымда айтқаным бар, "егер осы дүниеге Алтынбек тіліріп келсе, менен кешірім сұраудан бастайды" деп. Оны ары қарай қопармай-ақ қояйық", дейді Серік Әбдірахманов.   

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар