Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекованың ажырасқаны туралы бұған дейін сыбыс тараған болатын. Спортшының өзі бұл ақпаратты растады, деп жазады Alash.KZ.
Әлеуметтік желіде оқырмандарының бірі спортшыдан жеке өміріне қатысты сұрақ қойған. «Сіздер айырылысып кеттіңіздер ме?» сұраған оқырман.
Волейболшы көпшіліктің күдігін растады.
«Мен ресми түрде некеде болдым және ресми түрде ажырастым. Бұл жайтқа қатысты көптеген сауал болды. Осы жауабыммен бәріне нүкте қоямын», - деді Алтынбекова.
Айта кетейік, волейболшы Сәбина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған еді.
Бүгінге дейі Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетті. Алайда, қазір Астанаға оралған. Болашақ жоспары туралы волейболшы жақын күндері мәлімдемек.