Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ақсақалдың батасы төбемді көкке жеткізді! Назарбаев Мұхамеджан Тазабекті мерейтойымен құттықтады

08:26, 04 шілде 2025 1057

3-шілдеде айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек 50 жасқа толды. Ақынның мерейлі күніне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жолдады, деп мәлімдейді Alash.kz.
Әдетте, туған күнін сырнайлатып-кернейлете тойламайтын ақын бұл жолы айтулы датаны Instagram парақшасында ерекше хабарлады:

ЕЛУДІҢ жөні бөлек!
Артыңа ойлана қарап, алдыңа үмітпен көз салатын
жас…
Аллаға шүкір, бүгін сол биікке көтерілдім. Аз-кем түйгенімді "Енді айтуға болады" кітабымда жаздым.
Бүгін "ердің жасына келдіңіз" деп, ақ тілегін арнап жатқан ағайын көп. Алла разы болсын!
Мені қуандырсаңыздар, Алла сіздерді де қуандырсын!
Таң азанмен құттықтау хат жолдаған, туған өлкемнің басшысы, Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеевке алғысым шексіз!
Сыр өңірін берекеге толтырып, республикада көш бастап тұрған, ақын мен жыршының, жазушы мен драматургтың, өнерпаз бен шебердің қолдаушысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтан ақ тілек, алғыс хат келіп жетті. Алладан қайтсын!
Тұңғыш президентіміз Нұр ағаның ақсақалдық батасы мен ризашылыққа толы құттықтау хаты төбемді көкке жеткізді. Өзіңіз қалаған еліміздің әр кірпіші нығайып, тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктей берсін!
Өзім батасын алып, тәрбиесін көрген Димаш Ахметұлының халықаралық қоры ақ тілек арнап, ықыласын жаудыруда. Алладан қайтсын!

Ақын Назарбаевтың 50 жасына жолдаған ақжарма тілегін де жариялады: 

Құрметті, Мұхамеджан Оразбайұлы!
50 жасқа толған мерейлі белесіңіз құтты болсын!
Жұртшылық өзініңізді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, айтыс өнерінің жарқын жұлдызы ретінде жақсы біледі.
Алдағы уақытта да шығармашылық қарымыңыз артып, еңбегіңіз еселеніп, бақытты ғұмыр кешуге беруіңізге ниеттестігімді білдіремін.
Осы орайлы сәтте өзіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңізге құт-береке тілеймін!

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар