Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Баян ба? Саян ба? Қоян ба? Маған бәрібір!” - Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзоваға шүйлікті

10:20, 04 шілде 2025 216

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева Баян Мақсатқызы продюсерлік еткен "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" телехикаясын сынға алды, деп жазады Alash.kz. 

Желіде танымал болған бейнежазбада әнші Баян Алагөзованың деңгейі күнделікті тұрмыстық тақырыптардағы кинотуындылармен ғана шектелетінін, бағзыдан қалған фольклорлық жырларды таспалауға әлі ерте екенін мәлімдеген:

Мен өзімнің пікірімде тұрамын. "Баян ба? Саян ба? Қоян ба? Ол бай ма? Кедей ме? Ол танымал ма? Танымал емес пе? Маған бәрібір!

Баян Алагөзова бәлкім тамаша продюсер шығар. Ол кісі тракторшылар туралы, сиырлар туралы түсіре береді. Бірақ, қазақ тілін жетік меңгермеген продюсер біздің ата-бабамыздан қалған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" лиро-эпостық жырын кино етіп түсіруге деңгейі әлі жеткен жоқ. Оны Баян ханым "Иә, жетпеді" деп қабылдауы керек!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар