Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Әкесінің қызғалдағы! Қадамы құтты болғай!” - Света Айтбаева қызы Раушан жайлы әсерлі жазба қалдырды

08:57, 08 тамыз 2025 334

Күні кеше қазақтың ата салтымен қыздарын ұясынан ұшырған Света Айтбаева халыққа алғысын білдіріп, ұзату той туралы ерекше жазба қалдырды, деп мәлімдейді Alash.KZ.

Әлемді аузына қаратқан жезтаңдай әншінің отбасы Раушан есімді бойжеткен қыздарын бұрынғының ізімен, қазақтың саналы дәстүрінің қаймағын бұзбай өз жұртына аттандырған болатын. Тойдан кейін қызына сәукелесін кигізіп, ақ батамен жолдасының жанына жіберген ана Света Айтбаева әлеуметтік желіде Раушанына бақыт тілегендерге рақметін білдіріп, той туралы тағы айтып беруге тырасытынын жеткізді.

Ардақты ағайын! Бірнеше күннен бері сіздердің ақжарма тілектеріңізді оқып, қуанып отырмыз. Біздің отбасымызға деген ілтипаттарыңыз , ықылас - пейілдеріңіз үшін айтар алғысымыз шексіз! Баршаңыздың амандықтарыңызды тілейміз!
Екі бауырының ортасында еркелеп өскен Раушантайымыздың да ұясынан ұшар сәті жетіпті. Ата-Әжесінің мейіріміне шомылып бой жеткен, Әкесінің қызғалдағы бүгін өз жұртының табалдырығын аттады , қадамы құтты болғай!
"Қыз -  қонақ" дегеннің растығына бүгін көзіміз жеткендей . Күні кеше дүниеге келген балапанымыз қанатын қағып , үлкен өмірге құлашын жайып аттанды. 4 ай бұрын құда түсіп, сырға салған қызымызды сән-салтанатымен , ата салттан асып кетпей , әжелерінің ақылымен, міне , енді ғана  ұзаттық . Жолы болғай дейміз!Көпшілігіңіз тойдың үзінділерін әлеуметтік желі арқылы көріп , оң пікір айтып жатырсыздар , сұрақтар да қойылып жатыр , көп рахмет!  Тойдағы көңілдеріңізге ұнаған сәттер туралы кейінірек толық айтып беруге тырысамын. Жақсылықпен жолығайық!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар