Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қызының аттестат алуына асыққан…”: Белгілі айтыскер ақын жұбайымен бірге жол апатынан қаза тапты

18:09, 16 маусым 2026

Айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі Салтанат Өтелбаева мен жұбайы Мырзабек Қасымов жол апатынан қаза тапты, деп жазады Alash.kz. Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов жеткізді.

Қайғылы оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының арасындағы тасжолда болған.

“Бүгін қызы Алтынайдың мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгеремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы 4-те жолға шығып кетіпті.

Салтанат Амантайқызы саналы ғұмырын мәдениет пен музей ісіне, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға арнады.

Өз ісінің білікті маманы ретінде жоғары кәсібилігімен, жауапкершілігімен және ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Оның басшылығымен музейде көптеген маңызды жобалар, көрмелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары табысты жүзеге асырылды.

Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Амантайқызы ашық көңілді, мейірімді әрі парасатты жан еді. Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді.

Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Балаларына Құдай өмір берсін. Салтанат досымның жаны жәннатта, иманы саламат болсын”,- деп жазды Марғұлан Оспанов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар