АҚШ-та із-түзсіз жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Әсет Құралбай өлі табылды, деп жазады Alash.kz.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдары бұрын табылған адамның жеке басын анықтағанын растайды. Ол Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты, – деп мәлімдеді ведомство.
СІМ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың тиісті органдарымен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста. Отбасына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті елге жеткізу мәселелері бойынша қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатыр»,- делінген СІМ таратқан хабарламада.