Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Самат Адхам ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды, деп жазады Alash.kz.
Самат Адхам - спорттағы еңбек өтілі 11 жыл, бокстан ҚР спорт шебері. Бүгінгі күнге дейін Қарағанды облысы бокс федерациясының атқарушы директоры, Қарағанды облысы бокс бойынша олимпиадалық резервтегі облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директор орынбасары, сонымен қатар Қазақстан U15 және U17 құрамасының үйлестірушісі қызметін атқарды.
Бас хатшы Самат Адхам Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі ретінде бой көрсетіп, барлық бағыттағы мәселелерде бокстың даму жолында еңбек етеді,- делінген ресми хабарламада.