Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Конституциялық Сот: Тоқаев сайлауға түсуге құқылы

14:30, 07 шілде 2026

Жаңа құқықтық жүйе Тоқаевқа сайлауға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Конституциялық сот мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.

«Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот ресми түсіндіру берді: 2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек», - делінген құжатта.

Бұл — биыл 15 наурызда өткен референдумнан кейінгі заңды жалғасы. Естеріңізде болса, жаңа саяси модель бойынша елде екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылып, Вице-президент институты енгізілген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар