Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Екі боксшымыз U23 Азия чемпионатының ширек финалына өтті

10:00, 07 шілде 2026

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Алғаш болып U23 санатындағы спортшылар жарыс жолына шықты. 6 шілдеде Қазақстан құрамасының атынан екі боксшы сынға түсті.

Күндізгі сессияда Асылхан Көшербай 65 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Бутан өкілі Дечен Дорджимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы үш раундтың қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды.

Кешкі сессияда Нұрасыл Төлебек 60 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тәжікстан боксшысы Дамир Мубалихоновпен кездесті. Нәтижесінде Нұрасыл төрешілердің шешімі бойынша қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 16 шілдеге дейін жалғасады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар