Продюсер, әнші Мөлдір Мұқан отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі үлкен қызы Әдемінің жоғары оқу орнын аяқтап, диплом алуын, екінші қызы Айымның мектеп бітіруін және кенже ұлы Райымбектің сүндет тойын атап өту үшін жақындарын басын қосып, дүркіретіп той өткізді.
Айта кетейік, бұған дейін өнер иесі тойға қызу дайындалып жатқанын айтқан болатын.
“Әр шаңырақта осындай той болсын! Өте қуаныштымыз! Қандай той болғалы жатқанын жасырып жүрген едім. Жазоктай айтып қойды. Тойға қатысты ұсыныстарыңызды тыңдауға әзірмін”,- деді Мөлдір Мұқан.