Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа жобаны қолға алды, деп жазады Alash.kz.
Продюсердің айтуынша, Өскемен қаласында құтқарушылар жайлы жаңа фильм түсіріліп жатыр.
“Мен Құдайдың жауапкершілігіндегі жанмын.
Ешкімге ештеңе білдірмей тек алға жылжудамын.
Қолдаймыз деген сөздеріңіз сенім береді.
Қымбатты көрермендерім, биыл жүректеріңізге жол табатын ерекше фильмге дайын болыңыздар.
Осы фильмге жанын салып, бар күш жігерін беріп жатқан әрбір жанға шын жүректен рақмет!
Бұл жай кино емес. Бұл жүректе ұзақ сақталатын оқиға”-, деп жазды Дариға Бадықова.
Айта кетейік, продюсер бұған дейін жаңа туындының не жайында екенін айтқан болатын.
“Бұл фильмнің сіздерге ұнамауы мүмкін емес, көрермендер. Арманның орындалуы!
Ешқайсымызға зиян тимей алыста тұрып машинаны жардық!
Бұндай кино түсіру Қазақтардың қолынан келеді.
Голливуд бізге келсін”,- деді Дариға Бадықова.