Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Соғыс басталса, кем дегенде…”: Лукашенко соғыс қаупі туралы ешкім естімеген шындықты айтты(ВИДЕО)

16:57, 25 шілде 2025 1002

Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск облысындағы «Озерицкий-Агро» шаруашылығына сапары барысында елдің соғысқа дайындық жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Журналист әйелдерге қарата сөйлеген Лукашенко:

“Қыздар, дайындалыңдар. Соғыс басталса, ең кем дегенде…” деп айтып, сөзін аяқтамайды.

 Осы кезде кездесуге қатысушылардың бірі әзілдеп:

“Егін жинауға шығамыз” деді.

Президент бұл сөзге келісімін білдірді.

“Біз соғыстың болмайтынына үміттенеміз” деді тағы бір журналист.

Бұған жауап ретінде Лукашенко:

“Мен де үміттенемін. Бірақ соғысқа дайындалып жатырмыз. Әр нәрсеге дайын болу керек” деп жауап берді.

Бұған дейін, Минскіге АҚШ президентінің Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог келіп кеткен кезде, Лукашенко америкалық делегацияға Беларусь пен оның айналасында ешқандай эскалация қаупі жоқ екенін және елдің толық қауіпсіздігін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, 2024 жылы Лукашенко Беларусь соғыс қимылдарын қаламайтынын, алайда әскерді белсенді түрде дайындап, жаңа техника мен қару-жарақ меңгеріп жатқанын мәлімдеген. Ол ел ешкімге қауіп төндірмейтінін, бірақ кез келген жағдайға дайын болу керектігін атап өткен еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар