Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Жасарып кеткен” - Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелімен жаңа образда көзге түсті (ВИДЕО)

10:14, 25 шілде 2025 928

Қазақстанның Халық әртісі өзінен 45 жас кіші жары Жадыра Сейдешпен бірге ерекше фотосессия жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл сәтті әнші әлеуметтік желіде бөліскен:

“Творчествалық процесс - сан-саланы қамтитын күрделі әрі жауапты жұмыс. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету - ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым деп білемін.

Жақында “Сұңқар” фотостудиясының қыз-жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әртүрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия ұйымдастырды.

Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотограф қызым Айданаға жүрекжарды алғысымды білдіріп, “Жүз жасаңдар, айналайындар!” – деген ақжарма бата-тілегімді беріп, ақ маңдайларынан сүйдім” деп жазған Халық әртісі Instagram постында.



Нүсіпжановтың бақытты жанұясына ақжарма тілегін білдіргендер қарасы аз емес: 

Жадыра, жарайсың!

Еңбегің ақталсын!

Керемет көрініс!

Зор махаббатпен, үлкен сүйіспеншілікпен қараған көзқарасың қандай…

Мәәә, қарияның бетін пудралап, қасын қап-қара қылып сызыпты… Шашты қарасайшы! Жасасып кеткен…

Өте жарасымды жұп!

Нұрғали аға қандай құрметке де лайықты! Жас кезінен кішіпейіл, мейірімді жанға Алла береді екен. Ұзағынан сүйіндірсін!

Коммент жазғандардың бәрі жақсы сөз жазған. Жарайсыздар! Жақсы сөз - жарым ырыс. Алла өздеріңізге еселеп қайтарсын!

Нұрғали аға мен жарына Алла берерінен танбасын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар