Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Шағым түсіретін боламыз” - Үкіммен келіспеген адвокат ел күтпеген мәлімдеме жасады

19:54, 25 шілде 2025 273

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты үкім жарияланғаннан кейін, адвокат Асланбек Дәулетияров қорғау тарабы сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

“Иә, мен мұндай жаза түрі мүмкін екенін түсіндірдім. Бірақ біз бұл үкіммен келіспейміз. Үкімге шағым түсіретін боламыз” деді ол журналистерге.

Оның айтуынша, айыпталушылар сот шешімін ауыр қабылдаған.

“Реакциялары өте эмоционалды болды. Қиын. Олар ештеңе айтқан жоқ”

Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева үкім жарияланған соң сот залында қамауға алынды.

Еске салайық, бүгін елорда соты Перизат Қайратқа қатысты резонансты іс бойынша үкім шығарды. Ол алаяқтық және қаржы жымқыру бабымен кінәлі деп танылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар