Ресейдің Воронеж облысында ресейлік ұшақтан Александровка ауылына қанатты ракета құлаған, деп жазады Alash.KZ.
Дереккөздеріне сүйенген Astra арнасының мәліметінше, ешкім зардап шекпеген.
Арнаның жазуынша, 15 қаңтарда ауыл аумағынан белгісіз бөлшектер табылған. Бастапқыда бұл атып түсірілген дрон сынығы болуы мүмкін деген болжам айтылған.
Алайда кейін ресейлік Х-69 қанатты ракетаның бөлшегі екені анықталған. Ракета абайсызда ысырылып кетіп құлаған деп айтылады.
Х-69 – Ресей әскері 2024 жылдың басынан бері қолдана бастаған "әуе - құрлық" санатына кіретін қанатты зымыран.