Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақфильм қашан көгереді? Киностудиядан 400 млн теңге ұрланған

19 желтоқсан 2023 191
Ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғаны анықталды, деп хабарлайды alash.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
«Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды», – делінген Алматы қаласының прокуратурасы хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?