Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақ спортшысы Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді

10:37, 20 қазан 2024 117

Жеңіл салмақта күш сынасатын Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Лас-Вегаста өткен UFC турнирінде қазақ спортшысы Асу Алмабаев бразилиялық Матеусу Николауды шаң қаптырды. Атап айтқанда, көрсеткіштер бағанында жеңіл салмақ бойынша 14-ші орында тұрған Асу жетінші орында тұрған Николауды 29-28, 29-28, 29-28 есебімен жеңді.

Асу соңғы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп жеңіске жетті. 

Асу өз спорт жолында осылайша 21-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр.  Оның жеке UFC рекорды қазір 4-0. Ол өзінің жеңісті сериясын қатарынан 17 жекпе-жекке дейін ұзартты. Ал Николау болса, ол үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?