Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Оралда өртенген гараждан ер адамның мүрдесі табылды

20:00, 04 мамыр 2025 263

Орал қаласында өртке оранған гараждан жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды. Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды. 

Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар