Петропавлда пышаққа ұрынған бала қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда болған. Куәгерлердің хабарлауынша, нәресте орындықтан құлап, пышаққа ұрынған. Сол күні ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Онда реанимация бөлімінің дәрігерлері қолдан келгеннің бәрін жасаған.
Бала реанимацияда қайтыс болды,-деп растады СҚО ЖҚБ баспасөз қызметі.
Аймақ полициясы бұл фактіні үйде болған жазатайым оқиға ретінде тіркеді.