Танымал PR маманы, белгілі журналист Айбар Олжаев Threads-те Наурыз мейрамы мен Оразаның айырмашылығы туралы сөз қозғап, тарихи тамырына бойлады,. — деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
«Наурыз – түркілердің, яғни еркін адамдардың, құл емес халықтың Жаңа жылы. Сондықтан ол қазақ үшін мәртебесі жағынан оразадан жоғары. Қазақтар Наурыз бен ораза бір күнге түсіп қалған жағдайда, Наурызды тойлайды. Ислам адамды Алланың құлы болуға үйретсе, Тәңірлік ілім адамды рухани еркін болуға баулиды. Сол себепті көптеген қазақтар Мәңгілік көк аспан мен Көк бөріні таңдады», — деп жазды ол.