Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Әлиев Назарбаевты басынып, көзінше үстелге аяғын қойды". Актер Әлиевтің ел естімеген әрекетін айтты

18:40, 28 ақпан 2025 2944

Белгілі актер Рахман Омар сұхбат беріп, Назарбаев пен оның төңірегіндегілерге қатысты тың дерек айтты, өзінің асабалық қызметі барысында көрген-баққандарын бөлісті, деп хабарлайды Alash.KZ.

- Ол ашық айтылмаған әңгіме. Бір жерде ғана шет-жағасын айттым. 2004 жылы болған еді. Назарбаевтардың отбасылық тойларын жүргізетінмін. Экс-президент Жаңа жылды қарсы алды. Екі құдасы бар. Әлиевтер мен Құлыбаевтар бар. Құдалары, күйеубалалары келді. Тимур Құлыбаев та келді. Тимур байсалды болып көрінді, ал Рахат сол кезде ҰҚК-ні басқаратын. Сол кездегілердің айтуынша, қылышынан қан тамып тұрған кезі еді. Министр, депутаттардың көбі Назарбаевтан емес, Рахат Әлиевтен қорқатын. Сол кезде Назарбаев тілек айтылып жатқан тұста Әлиев реплика тастап отырды. Президентке кірме сөздер қыстырып отырғанын көрген кезде “қалайша?” деп таңғалдым. Бір кезде Рахат Әлиев столға аяғын қойды, бұл Назарбаевқа ұнамады, дейді Рахман Омаров Дулат Тәстекейге берген сұхбатында.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар