БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 30 сәуір күні подстанция төбесінде 2015 жылғы ұл баланы тоқ соққан, деп хабарлайды ALASH.KZ.
«Бала ауруханаға жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бала төбеде тұрып қалған допты алып, жерге лақтырып жіберген. Содан төмен түсе берген шағында тоқққа ұрынған.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, қазір төртінші дәрежелі күйік жарақатын алған 9 жастағы бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Аппаратпен тыныс алып жатыр, жағдайы ауыр. Денесінің 95 пайызын күйік шалған.