«Әліппе», «Қазақ тілі», «Математика», «Дүниетану» пәндерінің мазмұны жаңартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Ana tili» газетіне берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz.
«Әліппе», «Қазақ тілі», «Математика», «Дүниетану» пәндерінің мазмұны жаңартылады. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2019 жылы «Әліппе» қайта оралды. Енді оның мазмұнын да заман талабына сай жетілдірдік. 3–4 және 7–9-сыныптардың білім беру бағдарламаларындағы олқылықтар қайта қаралып жатыр. Бұл жұмысқа Орта білім комитеті, Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті, вице-министрлер түгел қатысып отыр. Бұған дейін министрлік бағдарламаның ішкі мазмұнына мұндай деңгейде араласпаған екен», - деді Жұлдыз Сүлейменова.