Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жыл сайын дәстүрлі түрде тікелей эфирде журналистер мен ел тұрғындарының сұрақтарына жауап береді. Биыл да бұл формат жалғасын тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Алайда эфир барысында Мәскеу маңында қаза тапқан тәжік баласының өлімі туралы мәселе көтерілмеді. Бұл тақырыпты журналистер де қозғамады, президенттің өзі де назардан тыс қалдырды.
Күн тәртібінде бұрыннан айтылып келе жатқан мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Украинадағы соғыс, АҚШ пен Батыс елдері, Дональд Трамп, Ресей экономикасы, санкциялар және Украина тақырыбы қайта-қайта сөз болды.
Владимир Путин Мәскеудің бейбіт келісімге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, соғыстың жалғасуына Киев мүдделі.