Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғалары бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz.
Сот Алматы мәслихатының экс-депутатын жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деп таныды. Сонымен қатар, оған публицистикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Бұған дейін тергеу Құдайбергеннің Дикий Арманмен бірге Алматыдағы «Қазақстан» қонақүйінде адамдарды жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және билікке бірыңғай талаптар қоюға шақырғанын мәлімдеген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, сотта Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айыпталған 45 адам қаралуда. Жәбірленушілер саны – 24. Сот талқылаулары мемлекеттік құпиялар мен жәбірленушілердің қауіпсіздігі үшін жабық режимде өтті. Бүгін, 27 қаңтарда, үкім БАҚ өкілдеріне №72 тергеу изоляторынан трансляция арқылы жарияланды.