Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бас прокуратураның атын жамылған алаяқтарды тыю мүмкін болмай тұрғаны хабарланды

01 маусым 2024 142
Соңғы уақыттарда мессенджерлерде жалған аккаунттар ашу, прокуратура органдарының қызметкерлері, тіпті басшылығының атын жамылып айлаға бару, алаяқтық белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
"Осыған байланысты Бас прокуратура ел азаматтарын бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз".    Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Естеріңізде болсе, бұған дейін сыбайлас жемқорлықпен күрес комитеті де осындай мәлімдеме жолдаған еді. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?