Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

14 баласы мен әйелі Болат Назарбаевтан қалған мұраны иеленуге дәмелі

18:39, 02 шілде 2024 613

13 қарашада қайтыс болған Болат Назарбаевтың туыстарының мұрагерлік құқығы туралы мәлімделді. Олардың ішінде жұбайы мен марқұмның 14 баласы бар. Бұл туралы BES.media-ға сілтеп Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 14 бала мен Болат Назарбаевтың әйелі мұраға үміткер. Өтініштер бірлесіп сатып алынған мүліктің үлесіне де, заң бойынша мұраның міндетті үлесіне де қатысты екені хабарланды. Істі нотариус Б.Қ.Исабаев 2024 жылғы 3 қаңтарда жариялаған. 

BES.media хабарлағандай, Болат Назарбаевтың ұлы мен жұбайы мұрагерлік құқығы туралы өтініш білдірген:

Нұрбол Болатұлы Назарбаев, 1983 жылы 14 қарашада туған, мұра қалдырушының ұлы, өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтінішпен;
Назарбаева Динара Кемелханқызы, 1986 жылы 4 желтоқсанда, мұра қалдырушының жұбайы, бірлескен некеде пайда болған мүлікке 1/2 үлесін бөлу туралы өтінішпен.
Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, Болат Назарбаевтың 13 баласы заң бойынша мұраның міндетті үлесіне жүгінді:

Болатұлы Болатхан, 2012 жылғы 7 ақпан;
Назарбаев Мұхаммед Болатұлы, 21 қыркүйек 2021 жылы туған;
Назарбаева Еркежан Болатқызы, 2018 жылғы 18 мамыр;
Назарбаев Елнұр Болатұлы, 2013 жылғы 19 тамыз;
Назарбаев Болат Болатұлы, 2014 жылғы 17 қазан;
Назарбаев Акбар Болатұлы, 23 Қараша 2016 жылы туған;
Назарбаева Нұрбану Болатқызы, 2018 жылғы 9 шілде;
Болатқызы Томирис, 2013 жылғы 30 шілде;
Болатқызы Аруназ, 2016 жылғы 30 қаңтар;
Назарбаев Ханболат Болатұлы, 2002 жылғы 17 ақпан;
Назарбаева Альбина Болатқызы, 2003 жылғы 7 маусым;
Назарбаев Хантөре Болатұлы, 2018 жылғы 26 қаңтар;
Назарбаева Жанель Болатқызы, 2010 жылғы 3 қараша.

Еске сала кетейік, Болат Назарбаев инфаркттан кейін, 71 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар