Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы ұлғаяды

20:20, 02 шілде 2024 402

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қатысты өзгеріс енгізді. Енді қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 600 адамға ұлғаяды, - деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердің қажеттілігіне сәйкес "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді. Бұйрықтың жобасы 16 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

"Құжат жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын 600-ге дейін төмендету есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын 600 адамға ұлғайтуды көздейді.
Өңірлік квоталарды өзгерту қажеттілігі еңбек күші тапшы өңірлерге (солтүстік өңірлерге) қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты", - деп жазылған хабарламада.

Бұйрық жобасымен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар