Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Роман Скляр Қазақстанда құрылатын жаңа ұлттық орталықты басқарады

18:23, 02 шілде 2024 424

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылымдымды басқаратын болды. Ол инвестициялық қызмет жөніндегі Ұлттық орталықты (ИҚҰО) тізгіндейді. Бұл туралы Үкіметтің өкіміне сілтеме жасай отырып Alash.KZ ұлттық порталы хабарлайды.

Ұлттық орталықтың (ИҚҰО) міндеттері:

  • Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру;
  • бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеушілік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
  • Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу кезінде салааралық үйлестіру;
  • инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.

Орталықты премьер-министрдің бірінші орынбасары басқарады.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар