Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жылда бір құшақ гүлімен келіп құттықтайтын еді». Нүкенованың анасы туған күнінде жансыздатар жазба қалдырды

15:50, 29 мамыр 2024 1262
Жарының қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова туған күнін атап өтті. Оның жансыздатар жазбасындағы қызына деген сағыныш көптеген оқырманның жанына батты, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Марқұм Салтанат Нүкенованың анасы Жұмагүл Нүкенова әлеуметтік желідегі жеке парақшасында туған күніне байланысты жазсыздатар жазба қалдырды.

Ол қызы тірі кезінде, былтыр да, туған күнімен құттықтай алмағанын, ал, биылғы туған күнінде бұл өмірде жоқ екенін еске алып, көз жасын көл қылды.

«Жылда қызым бір құшақ гүлімен келіп, туған күніммен құттықтайтын. Жыл сайын Астанадан ұлым мен қызым жетіп келіп, тосын сый жасайтын еді. Былтыр олай болмады, биыл да олай емес, енді ешқашан олай болмайды», - деп жазды анасы.

Дегенмен, желіде Жұмагүл Нүкенованы қолдау акциясы өтіп, Салтанатты таныған адамдар оның мекенжайына гүл жіберіп, жылы тілектерін арнағанын да тілге тиек етті.

«Сіздердің мейірімдеріңіздің арқасында Салтанатымның жылуын сезінгендей болдым, көп рақмет», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Нүкенова 2023 жылдың 9 қарашасы күні экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. Сот Бишімбаевты 24 жылға соттады. Қазіргі уақытта Бишімбаевтың қоршаушылары қайтара шағым түсіруге қамданып жатыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар