Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Балта-пышақпен 170-тен астам соққы жасаған” - Ер адам мүгедектігі бар танысын аясыз өлтірген

10:00, 19 қыркүйек 2025 180

Мәскеуде ер адам өз танысын аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.  Қақтығыс кезінде ол мүмкіндігі шектеулі азаматқа балта, пышақ және басқа да заттармен 170-тен астам соққы жасаған, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға 11 қыркүйек күні Малая Черкизовская көшесіндегі пәтерде болған. Тергеу дерегінше, күдікті алкоголь ішіп, танысымен жанжалдасып қалған. Жеке араздықтың соңы қылмысқа ұласып, ол мүгедектігі бар азаматқа пышақпен, балтамен және әртүрлі заттармен 170-тен аса соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазір аталған дерек бойынша “кісі өлтіру” бабымен іс қозғалды. Тергеушілер оқиға орнын қарап шықты, куәгерлерден жауап алды және бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

Күдікті ұсталып, уақытша қамауға алынды. Алдағы уақытта одан тергеушілер жауап алады. Қазір істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар