Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балалар мінген жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысып, жүргізугі мен жолаушы қаза тапты

21:14, 12 қыркүйек 2025 228

"Сокол" саяжай қоғамының аумағында балалары бар жолаушылар автобусы Hyundai Accent көлігімен соқтығысты, деп жазды Alash.KZ.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеода оқушылардың рюкзактарымен автобустан асығыс шығып кеткені көрінеді. Жерде екі адамның жатқаны, балалардың айқайлағаны естіледі.

Полицияның мәліметінше, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, оның жолаушысы ауруханада қайтыс болған. Зардап шеккен басқа жолаушы жоқ.

Алдын ала ақпарат бойынша, Hyundai жүргізушісі бұрылу кезінде автобусқа жол бермеген. Қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталады. Тергеу барысы Алматы облысының ПД басшылығының бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар