«Respublica» партиясы Құрылтай құрамына өткен депутаттар тізімін жариялады, деп хабарлайды Alash.kz.
«Respublica» партиясына 9 депутаттық мандат бұйырды. Оның ішінде VIII шақырылымдағы Мәжілістің 5 депутаты Құрылтайдағы жұмысын жалғастырады, тағы 4 кандидат алғаш рет депутат атанады.
Құрылтай құрамына өткен депутаттардың тізімі:
1. Бекжан Айтқұлов
2. Руслан Ыдырысов
3. Мейірхат Қасымбаев
4. Олжас Құспеков
5. Динара Наумова
6. Екатерина Смолякова
7. Нұргүл Тау
8. Махамбет Хасенов
9. Айдарбек Қожаназаров
2026 жылғы 23 тамыздағы сайлауда Respublica партиясына 509 631 сайлаушы дауыс берді. Бұл дауыс беруге қатысқандардың 5,56%-ын құрады.