Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

32 бейбіт тұрғын өте ауыр жағдайда: Иран зымыраны ауруханаға түсіп, жойқын жарылыс болды

13:55, 19 маусым 2025 421

Иран зымыраны Израиль ауруханасына түсті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Кеше таңертең Иран Израильдегі бейбіт нысандарға баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады. 

Сол зымырандардың бірі Беэр-Шева қаласындағы ауруханаға түсті.

Жарылыстан кейінгі суреттерде ғимарат үстінен қою түтін көтеріліп жатқаны көрінеді. Аурухана өкілі зымыран «бірнеше аймақта елеулі қиратулар келтіргенін» мәлімдеді. Құтқару қызметтерінің хабарлауынша, кем дегенде 32 адам жарақат алған.

Израиль денсаулық сақтау министрі Уриэль Бусо Беэр-Шевадағы ауруханаға жасалған шабуылды «қызыл сызықтан асқан террористік әрекет» деп бағалады. Оның айтуынша, бұл – «иран режимінің бейкүнә азаматтар мен өмірін құтқаруға арнаған медицина қызметкерлеріне қарсы әдейі жасаған әскери қылмысы».

«Төбемізге  құлады, соққы толқыны мені жанамалап ұшырып жіберді. Мұндай жағдайға өз көзіңмен куә болмасаң, мүмкін екеніне сену қиын», – деді аурухана қызметкерлерінің бірі.

AFP агенттігінің репортёрлері бүгін таңертең Тель-Авив пен Иерусалим қалаларында да жарылыстар болғанын хабарлады.

Тағы бір зымыран Тель-Авив маңындағы Рамат-Ган қаласына түскені туралы айтылды. Онда зымыран биржа маңындағы аумақты қиратқан.

Израиль армиясының мәліметінше, Иран «ондаған баллистикалық зымыран» атқан. Бұл зымырандар ұшырылған соң Жер атмосферасынан шығып, гипердыбыстық жылдамдықпен тік бағытта нысанаға қарай ұшады.

 Оларды перехват жасау өте қиын, себебі олар өте жоғары жылдамдықпен қозғалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар